СемейТОП

«Денсаулық – зор байлық» акциясы өтті

Қала күні аясында Ертіс өзені жағалауында «Денсаулық – зор байлық» спорттық акция өтті. Шара барысында қатысушылар таңғы сергіту жаттығуларын жасап, кәсіби жаттықтырушылардың жетекшілігімен зумба билеп, көңіл көтерді.

Денсаулықты нығайтуға бағытталған шараға әр түрлі жастағы қала тұрғындары белсенді қатысты. Бұл акция салауатты өмір салтын дәріптеп қана қоймай, тұрғындардың бір-бірімен достық қарым-қатынаста араласуына мүмкіндік берді.

Айта кетейік, Семей қаласында бұған дейін бастау алған «Барлығына арналған спорт» жобасы аясында түрлі жаттығулар, ашық алаңдағы ойындар мен спорттық шеберлік сағаттары ұйымдастырылып келеді.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button