Бородулиха ауданында «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында ағаш отырғызу жұмыстары жүргізілуде

Биыл Бородулиха ауданында 7000 түп ағаш отырғызу жоспарланған. Көктемде қарағай, шырша, қайың, терек және жұмсақ жапырақты қарағаштан тұратын 4700 түп көшет егілді. Аталған жұмыстар «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында жүзеге асырылуда.
Демеушілердің қолдауымен қосымша 3000 түп емен және 200 түп қайың көшеті сатып алынып, ауданның 17 ауылдық округі мен Жезкент кентіне үлестірілді.
Көшеттер саябақтарда, мектеп аумақтарында, тоғандардың жағасында, түрлі мекемелер мен колледждерде отырғызылуда. Сонымен қатар, аудан тұрғындары үйлерінің іргесіне ағаш егіп, аталған іске өз үлестерін қосуда. Экологиялық бастамаға мұғалімдер, оқушылар, мемлекеттік қызметкерлер, зейнеткерлер мен жастар белсенді түрде қатысып жатыр.
Облыста 2024-2029 жылдарға арналған экологиялық мәдениетті дамыту тұжырымдамасы бекітілген. Тұжырымдама 44 іс-шараны қамтиды. Оның негізгі мақсаты – өңірдегі экологиялық жағдайды жақсарту және табиғатты қорғау ісінде халықтың жауапкершілігін арттыру.
АБАЙ ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ