БілімСемейТОП

Семей қаласында 5000-ға жуық оқушы алғаш рет мектеп табалдырығын аттайды

Семей қаласында 135 білім беру мекемесі жұмыс істейді, онда 61 мыңнан астам бала білім алуда. 2025–2026 оқу жылында 1 сыныпқа шамамен 5000 бала қабылданбақ. Сонымен қатар, 2652 оқушы мектеп бітірушілер қатарына қосылады.

«Келешек мектептері» жобасы аясында қаладағы білім беру инфрақұрылымы да кеңейіп келеді. Биыл қыркүйек айында Водный кентінде 600 орындық жаңа мектеп пайдалануға берілмек. Бұған қоса, Шығыс кентінің оң жағалауында (Связист кенті ауданы) 300 орындық мектептің құрылысы басталды.

Барлық білім беру нысандары заманауи бейнебақылау жүйелерімен толық жабдықталған.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button