Абай облысыТОП

Семейдегі Бейбітшілік аралында этноауыл ашылады

Бүгін облыс әкімі Берік Уәли таңғы сағат 7-ден бастап Семейдегі бірқатар нысандарды аралады.

Абайдың 180 жылдық мерейтойының онкүндігі аясында 1 тамызда Бейбітшілік аралында 12 киіз үйден тұратын этно ауыл қалашығы ашылмақ. Киіз үйлер электр жарығымен қамтылып, олардың әрқайсысында ұлттық тағамдар ұсынылатын мерекелік сауда алаңдары ұйымдастырылады. Бұған өңірдегі бірқатар кәсіпкерлік нысандары қатысады. Қонақтарға қазы-қарта, қуырдақ, қымыз, жент, бауырсақ және өзге де ұлттық тағамдар ұсынылады.

⚜️Этноауылдағы сахна ұлттық нақышта безендіріліп, мәдени-танымдық бағдарламаларға арналған алаң ретінде қызмет етеді. Кіреберіс аумаққа Абай тақырыбындағы мерейтойлық арка орнатылып, декоративтік элементтермен безендірілген.

Этноауыл аумағында 7 жартылай киіз үй де орналастырылып, олардың ішінде қазақ халқының тарихы мен мәдениетіне арналған көрмелер ұйымдастырылады. Мұнда ұлттық қолөнер бұйымдары, тұрмыстық заттар, тарихи фотосуреттер мен деректер қойылады.

Сонымен қатар, этникалық әртүрлілік пен достықты дәріптеу мақсатында аралдағы «Татар үйі» аумағында татар және өзге де этнос өкілдерінің салт-дәстүрі мен ұлттық тағамдары таныстырылады.

Осылайша Бейбітшілік аралындағы этноауыл демалушылар мен қала қонақтарына ұлттық рухты, мәдени мұраны және қонақжайлық дәстүрлерді дәріптейтін маңызды алаңға айналмақ.

Семей қаласындағы Абайдың 180 жылдығы аясындағы шаралардың көпшілігі осы этноауыл аумағында өтеді. Мұнда түрлі спорттық ойындар және өзге де мәдени-танымдық іс-шаралар ұйымдастырылады. Қала қонақтарының көпшілігі осы аралдағы саябаққа келіп, демалады. Оларға қолайлы жағдай туғызуымыз керек. Этноауыл мерейтой өткеннен кейін де елдің игілігіне жұмыс істей беретін болады , – деді аймақ басшысы.

АБАЙ ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ

Осы айдарда

Back to top button