Абай облысыТОП

Облыс әкімі Қалбатау ауылындағы балалар-жасөспірімдер спорт мектебіне барды

Облыс әкімі Берік Уәли Қалбатау ауылындағы Болат Тұрлыханов атындағы балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің жұмысымен танысты.

2014 жылы пайдалануға берілген нысанда 43 жаттықтырушы 9 спорт түрі бойынша жас спортшыларды жаттықтырады. Ғимарат бір мезетте 130 адамды қабылдай алады. Қазіргі таңда мұнда 1300-ге жуық бала тұрақты түрде жаттығады.

Спорт мектебінде 400 адамға арналған көрермен залы, грек-рим және күрес залдары қарастырылған. Ғимаратта халықаралық және республикалық деңгейдегі жарыстарды өткізуге толық мүмкіндік бар. 2023 жылы нысанның шатырына облыстық бюджет есебінен ағымдағы жөндеу жүргізілген.

Аймақ басшысы ғимарат ішін аралап шығып, аталған нысанның өңірдегі бұқаралық спортты дамытуға үлкен мүмкіндік беретінін атап өтті.

Осындай заман талабына сай салынған спорт кешенінің мүмкіндігін дұрыс пайдалану керек. Облысымызда өткен ауыл спорт ойындарында Жарма ауданы жүлдегерлер қатарынан көріне алмады. Халық саны әлдеқайда аз аудандар жақсы нәтиже көрсетті. Сондықтан жаттықтырушылар мен спортшылар үздіктер қатарынан көрінуге жұмыс істеу керек, – деді аймақ басшысы.

АБАЙ ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ

Осы айдарда

Back to top button