Облыс әкімі Жарма ауданы тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдады

Облыс әкімі Берік Уәли Жарма ауданы тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдады. Қабылдауға келген азаматтар аудан орталығында қоқыс полигонын салу, жер учаскелерін алу, мал ұрлығы, ауыл шаруашылығын дамыту мақсатында жер алқабын бөлуге қатысты мәселелерді көтеріп, ұсыныс-пікірлерін жеткізді.
Аймақ басшысы аудан әкіміне, тиісті басқармаларға нақты тапсырмалар берді.
Азаматтарды қабылдау барысындағы әр мәселе жеке бақылауында болатынын, ешқайсысы назардан тыс қалмайтынын айтты.
Бүгінгі қабылдауда жер мәселесі көп қозғалды. Барлық жұмысты заң аясында жүргіземіз. Жергілікті әкімдік, тиісті басқармалар ауыл шаруашылығын дамытамын, кәсібін кеңейтемін деген азаматтарға құжат рәсімдеу жағынан кеңес беріп, көмектесіп, бірлесе жұмыс істеу керек. Жеке қабылдауда тұрғындар көтерген мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылданады, – деді аймақ басшысы.
Облыс әкімінің азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдауының алдында басқарма басшылары аудан тұрғындарын қабылдап, сауалдарына жауап берді.
АБАЙ ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ