Абай облысыТОП
Облыс әкімінің бірінші орынбасары Мақаншы ауданында жүзеге асырылып жатқан инвестициялық жобалармен танысты

Аймақ басшысы Берік Уәлидің тапсырмасы бойынша облыс әкімінің орынбасарлары өңірдің аудандарын аралауды бастады. Облыс әкімінің бірінші орынбасары Ербол Садыр жұмыс сапарымен Мақаншы ауданына барды.
Ауданда жүзеге асырылып жатқан маңызды инвестициялық жобалардың бірі «Di-Nur» компаниясы май зауытының құрылыс алаңында болды.
Инвестиция көлемі 8 миллиард теңгені құрайтын жоба шеңберінде 120 жаңа жұмыс орны ашылады. Зауытты жыл соңына дейін іске қосу жоспарланып отыр.
Аталған өндіріс орны ауданның индустриялық және әлеуметтік дамуына серпін беріп, жергілікті халықты тұрақты жұмыспен қамтиды.
Сонымен қатар Ербол Садыр Бақты кеден бекетінің жұмысымен танысты.
АБАЙ ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ