Абай облысыТОП

Абай облысында азаматтардың өтініштерімен жұмыс істеу сапасын арттыруға арналған семинар өтті

Облыс әкімдігінің ұйымдастыруымен «Әкімшілік органдарда жеке және заңды тұлғалардың өтініштерімен тиімді жұмыс» тақырыбында семинар өтті.

Іс-шараға жергілікті атқарушы органдар мен түрлі ұйымдардың өкілдері қатысты. Семинар барысында өтініштерді қарау кезінде жиі кездесетін заң бұзушылықтар, оларды болдырмау жолдары, азаматтармен қарым-қатынастың психологиялық қырлары және әдеп нормаларын сақтау мәселелері талқыланды.

Сондай-ақ «e-Otinish» ақпараттық жүйесінің мүмкіндіктерін жетілдіру және білім базасын кеңейтуге қатысты ұсыныстар айтылды. Қатысушылар нақты жағдайлар бойынша тәжірибе алмасып, өтініштермен жұмыс сапасын арттырудың тиімді жолдарын қарастырды. Семинар нәтижесі ретінде азаматтардың өтініштерімен жұмысты жүйелеу және кері байланысты күшейту қажеттігі атап өтілді.

АБАЙ ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ

Осы айдарда

Back to top button