СпортТОП

Еуропа чемпионаты: Уэльс пен Швейцария құрамалары тең түсті

Футболдан Еуропа чемпионатындағы Уэльс пен Швейцария құрамалары арасындағы ойын 1:1 есебімен тең аяқталды, - деп хабарлайды 24.kz Vesti.kz. сілтеме жасап.

А тобындағы кездесу Бакуде өтіп, 1:1 есебімен аяқталды. Швейцария командасынан Брель Эмболо гол салды (49-минутта), ал Уэльс құрамасынан Киффер Мур (74-минут). Еске салайық, ашылу салтанатындағы матчте Италия құрамасы Түркияны жеңді. Осылайша, Италия үш ұпай жинап, А тобында көш бастады. 16 маусымдағы келесі айналымда Уэльс командасы Түркия құрамасымен ойнайды.

Semey News

Осы айдарда

Back to top button