Семей

Ф.М. Достоевскийдің әдеби-мемориалдық музейінде «Достоевский және Азия» көрмесі ашылды

Көрме әлемге әйгілі жазушының өмірі мен шығармашылығындағы қазақ флерін сезінуге, Ф.М. Достоевскийдің ұрпақтарының өміріне қандай қазақ сөздері мен құбылыстары енгенін мысалы, дастархан және бәйге деген сөзін білгендері жайлы білуге мүмкіндік береді.

Музей алғаш рет әлемге әйгілі жазушының XIX ғасырдың ортасында біздің қаламызда өмір сүрген азиялық саудагерлермен қарым-қатынас тарихын ұсынады. Олардың арасында Жаңа-Семей (қаланың сол жағалауы бөлігі) негізін қалаушы Тыныбай Кәукенов пен оның ұлы Меңдібай, сондай – ақ Мир-Курбан Аюпов бар, – деп түсіндірді көрме кураторы Алла Белякина.

Көрме Достоевский мен оның шығармаларының дүниетанымына исламның қандай әсер еткені, Орталық Азияның көрнекті зерттеушісі болған жазушының ұрпақтарының бірінің шығармашылығымен танысу туралы түсінік береді. Әрине, көрменің көп бөлігі Достоевскийдің қазақтың көрнекті саяхатшысы және ғалымы Шоқан Уәлихановпен достығына арналған, оның туғанына биыл 190 жыл толады.

Сонымен қатар, көрме Ф.М. Достоевскийдің шығармаларын Азия тілдеріне – қазақ және түрік, өзбек және қытай, фарси және жапон, грузин, урду, гуджарати және хинди, араб және панджаби, татар және каннада және біздің континенттің басқа тілдеріне аудару тарихымен таныстырады. Достоевскийдің азиялық театрлар мен кинотеатрлардағы шығармашылық мұрасын түсіну – бұл жаңа көрменің тағы бір қызықты бөлімі, онда жақында музей қорын толықтырған бірқатар экспонаттарды алғаш рет көруге болады.

Semeynews.kz

 

 

 

Осы айдарда

Back to top button