Абай облысыауылшаруашылығыВизитВыборыМӘМСНАЗАР АУДАРЫҢЫЗДАРНОВОСТИ ДНЯПравоПраздникПрезидентПроблемаПроизводствоПрофилактикаТәуелсіздікке 30 жылТОПҮкімет
2024 жылы Абай облысы бойынша 694 аңшылық қару тексеруден өтті
Абай облысы ПД жедел-криминалистикалық басқармасы баллистикалық сараптама бойынша маңызды жұмыстарын жалғастыруда. Баллистикалық сараптама – криминалистиканың ең жоғары және күрделі бағыттарының бірі. Бұл деңгейге тәжірибе және ұзақ жылдық машықтану арқылы қол жеткізіледі.
Қаруды бақылау үшін атумен оқ-дәрілердің үлгілері жинақталып, олар оқ-гильза қорына енгізіледі. Бұл жоғалған немесе ұрланған қаруды іздестіруде, сондай-ақ, қару қолданылған қылмыстарды ашуда маңызды құрал болып табылады.
2024 жылы Абай облысы ПД жедел-криминалистикалық басқармасы 694 нарездік аңшылық қаруды тексеруден өткізді.
Қаруды есепке алу және бақылау жұмыстары жалғасуда, бұл қоғамдық қауіпсіздікті арттыру мен қылмыстарды ашуға ықпал етеді.