Абай облысыТОП

Облыс әкімі Қайнар ауылындағы әлеуметтік маңызы бар нысандарды аралады

Облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев жұмыс сапарымен Жаңасемей ауданының Қайнар ауылына барып, әлеуметтік маңызы бар нысандардың жағдайымен танысты. Сапар барысында өзекті мәселелерге назар аударылып, жергілікті тұрғындардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған, бірінші кезекте қолға алынатын шаралар айқындалды.

Облыс әкімі Қайнар ауылындағы дене шынықтыру-сауықтыру кешенінде болды. Мұнда күрес, екі ойын залы және жалпы ауданы 720 шаршы метр жаттығу залы бар.

Аймақ басшысы барған алғашқы нысан – Қайнар ауылындағы аурухана. Мекемеге күрделі жөндеу қажет. Электр желілері, су, жылу құбырлары, кәріз жүйелері, терезелер мен есіктер, еден ауыстыруды талап етеді. Сонымен қатар, жаңа амбулаториялық корпус салу мүмкіндігі қарастырылуда. Өйткені қазіргісі апатты жағдайда. Осы жоспарды іске асыру үшін 2025 жылы қайта бюджеттік өтінім берілетін болады.

Сапардың екінші нысаны Қайнар ауылында орналасқан Абыралы ауылдық ауруханасы болды. Медициналық пункт 20 төсек-орынға есептелген. Алғабас, Айнабұлақ және Ақбұлақ ауылдарын қоса алғанда алты елді мекенге қызмет көрсетеді. Мұнда 7 дәрігер, 32 орта және 12 кіші медициналық қызметкерлер жұмыс істейді. Мекеме күрделі жөндеуді қажет етеді: электр желілерін, су құбырларын, кәріз жүйелерін, жылыту құбырларын, терезелер мен есіктерді ауыстыру, сондай-ақ еденді жаңарту қажет. Сонымен қатар, жаңа амбулаториялық корпус салу мүмкіндігі қарастырылуда, өйткені қазіргі жағдай апатты жағдайда. Осы жоспарларды іске асыру үшін 2025 жылы қайта бюджеттік өтінім берілетін болады.

Аймақ басшысы «Қайнар» халық театры, ән және би ансамблі, сондай-ақ «Мейзек» балалар үлгілі ансамблі жұмыс істейтін Мәдениет үйінің тыныс-тіршілігімен танысты. Нысандардың жай-күйіне және оларды жаңғырту мәселесіне ерекше назар аударылды.

Әкім Сапарғали Бегалин атындағы орта мектепте де болды. Мұнда 147 оқушы, 14 бала мектепке дейінгі даярлық тобында білім алады. Мектеп жоғары жылдамдықтағы интернет желісіне қосылған. Мекеменің материалдық-техникалық базасын жаңарту, сондай-ақ оқыту сапасын арттыру үшін қосымша педагогтарды тарту мүмкіндігін қарастыру тапсырылды.

Сапар қорытындысы бойынша облыс әкімі әлеуметтік нысандарды жаңғырту жұмысын жандандырып, халықпен тығыз қарым-қатынас орнатуды тапсырды.

Қордаланған мәселелерді шешуді кейінге шегеруге болмайды. Аурухана, мектеп, мәдениет және спорт нысандары шұғыл шараларды қажет етеді. Негізгі нысандарды күрделі жөндеуден өткізу және жаңғырту үшін жобаларды қысқа мерзімде дайындау керек. Ең бастысы, халыққа тиімділігін ескеру қажет. Біздің мақсатымыз – адамдардың өмір сүру сапасын жақсарту. Барлық қажыр-қайратымызды қойылған міндеттерді жедел шешуге бағыттауға тиіспіз, –  деді әкім.

Аудан тұрғындарының өмір сүру сапасын арттыру үшін 2025 жылы 2 900 метр көше жарығы орнатылады. Қазіргі уақытта 20 металл бағаналар мен 108 жарықдиодты шамдарды ауыстыру үшін ақау жөніндегі акт дайындалды. «Семей-Қайнар» жолының бойында жол көлік оқиғаларының алдын алу үшін 2025 жылы алты «мал айдау» жол белгісі орнатылады. Қар ұстау бағандарының ұзақтығын қазір тұрған 50 метрден 250 метрге дейін ұлғайту жоспарлануда. Жалпы ұзындығы 5 шақырым алты кентішілік көшені жөндеу үшін сметалық құжаттама дайындалуда.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button