Абай облысыТОП

Водный, Восход кенттері жыл соңына дейін орталықтандырылған су желісіне қосылады

Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев «Водный» кентінің тұрғындарымен кездесті. Кездесу барысында кентке қатысты бірнеше мәселе қаралды. Соның ішінде коммуналдық шаруашылық, білім, денсаулық, ономастика салаларына қатысты сұрақтар қойылды.

Қазіргі таңда кенттегі 1550 жеке сектордағы үйде 4 мыңнан аса халық тұрады. Бұған дейін кентте орталықтандырылған су желісі болмаған. Облыс әкімінің өткен жылы тұрғындармен кездесуінде осы мәселе көтеріліп, аймақ басшысы жауапты органдарға тиісті тапсырмалар берген болатын. Осы тапсырманың негізінде «Восход және Водный кенттеріне су желілерін тарту құрылысы» бойынша жоба әзірленді. Құрылыс 2023 жылдың тамыз айында басталған, ағымды жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланған. Мердігер — «AKM Invest Group» ЖШС.

Мердігер мекеме ұзындығы 39 шақырым болатын су құбыры желілерін тартудан бөлек 23 өрт гидранттарын орнатып, су желісін әр үйдің шекарасына дейін жеткізіп берді. 576 құдық орнатылды. Сонымен бірге жобаға кірмеген Восход кентінің 70, Водный кентінің 50 үйіне, №34 мектеп пен дәрігерлік амбулаторияға да су желісі жеткізілді. Мердігер мекеме «Водный» кентіндегі құрылыс-монтаждау жұмысын толық аяқтады. Кенттегі су құбыры желілері жуылып, шайылып, дезинфекцияланды. Қазіргі уақытта «Восход» кентіндегі су құбыры желілеріне дәл осындай жұмыстар жүргізілуде.

Біз үшін қаланың барлық ауданындағы өзекті мәселелер маңызды. Оны түбегейлі әрі қысқа мерзімде шешу мүмкін емес. Соған қарамастан әр шаруаны рет-ретімен еңсеріп келеміз. Сіздердің тараптарыңыздан қойылған сұрақтардан хабардармын. Ұзақ жылдар шешімін таппаған орталықтандырылған ауыз су мәселесі жуықта реттеледі. Қоғамдық көлік, жарықтандыру, жол жөндеу сияқты жұмыстар менің назарымнан тыс қалған емес. Алдағы уақытта да атқарылуға тиісті жұмыстарды кезең-кезеңімен жүзеге асыра береміз, – деді облыс әкімі.

Восход кентінде 70 бағана пен шам орнату жұмысы аяқталды. Атап айтқанда, Рудная, Алмазная, Новая көшелері мен Озёрка тас жолы бойы мектептен жаяу жүргіншілер өткеліне, теміржол өткелінен соңғы аялдамаға дейін аралықтарда шам орнатылды.

Водный кенті бойынша 75 тірек шам орнату жоспарлануда. Жұмыс 20 желтоқсанға дейін аяқталады деп болжанып отыр. Сондай-ақ, Усть-Каменогорская, Семипалатинская, Республиканская көшелеріндегі 164 шам ауыстырылды. 2025 жылы Водный саяжай алабындағы үйлерге апаратын бағаналар мен электрмен жабдықтау кабелін ауыстыру жоспарлануда
Водный және Восход кенттерінде 24 көше бар. 2024 жылы Семеипалатинская және Геодезическая көшелерінің 2,2 шақырымына қиыршық тас пен құм-қиыршық тас қоспаларын себу жұмысы орындалды. Келер жылы осы көшелерді асфальттау жоспарлануда.

Сондай-ақ, ұзындығы 1,6 шақырым болатын Предгорная көшесін асфальттау көзделіп отыр. Қазіргі уақытта жоба жолдарды орташа жөндеу үшін ведомстволық сараптамадан өтуде. Қорытындыны алғаннан кейін мердігерді анықтау бойынша Мемлекеттік сатып алудың конкурстық рәсімдері өткізілетін болады.

2025 жылы кемінде төрт көшеге инертті материал себу арқылы грейдерлеу жұмысы жоспарланған. Сондай-ақ, кент тұрғындарының өтініші бойынша 2025 жылы соңғы аялдамадан №34 мектепке дейінгі учаскеде жаяу жүргіншілер жолын салынатын болады.

Сондай ақ осы кент тұрғындарының өтініші бойынша 12 ескі аялдама павильондары жабық үлгідегі жаңа павильондарға ауыстырылды.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button