ШҚОҚоғамТОП

Абай ауданына биыл екі пәтерлі 16 үй салынады – Даниал Ахметов

Облыс әкімі Даниал Ахметов іс-сапармен Абай ауданына барып қайтты, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Бұрынғы жоспарға сай, «Бірқабатты Шығыс» бағдарламасы бойынша жаңа тұрғын үй ауданы бой көтереді. Ондағы баспаналар, ең алдымен, көпбалалы отбасыларға беріледі. Айта кету керек, жоба қазірдің өзінде іске асырылу сатысында. Биыл екі пәтерлі 16 үй салынады, – деп жазды ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасына.

 

Сонымен қатар облыс басшысының айтуынша, былтыр осы ауылда бірнеше үш қабатты үйлер жөндеуден өткен. Қазір олар ретке келтіріліп, кезекте тұрған мүмкіндігі шектеулі азаматтар, аз қамтылған және көпбалалы отбасыларға берілген.

Semey News

Осы айдарда

Back to top button