Естеріңізге сала кетейік, елде коронавирусқа қарсы вакцинация 1 ақпаннан басталды. Бастапқыда ресейлік “Спутник V” вакцинасы салынды. Енді тұрғындар қазақстандық “Qaz vac” және БАӘ-де жасалған “Hayat vac” вакцинасын таңдауға мүмкіндігі бар.
– Бүгінгі таңда біздің қызметкерлеріміздің 85% – ы вакцинациядан өтті. Жалпы, біздің ауруханада 4400 адам егілді. Вакцинацияның маңыздылығын түсіну өте маңызды. Өйткені, індетті вакцина алу арқылы ғана жеңе аламыз, – дейді Семей қ. №6 аралас типтегі емхананың бас дәрігері Ақтолқын Қаметова.
Халықты вакцинациялауға тарту мақсатында аурухана басшылығы арнайы акция ұйымдастырды. Күн сайын вакцинацияға келген бірінші адам лотерея билетін алып, қосымша байланыс мәліметтерін қалдырады. Осыдан кейін 10 маусымда аурухананың Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында тікелей эфирде ұтыс ойыны өткізіледі. Жеңімпаздарға микротолқынды пеш, пісіргіш, үтік және тұрмысқа қажетті басқа да маңызды заттар сыйлыққа беріледі.
Semey News