ҚазақстанМерекеПрезидентТОП

Мемлекет басшысы мәдениет саласының бір топ қызметкерін марапаттады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бір топ азаматты мемлекеттік наградалармен марапаттады, – деп хабарлайды Semeynews.kz  Kazinform-ға сілтеме жасап.

Темір
Фото: akorda.kz

«Парасат» орденімен:

▪️Тікішев Темір – А.Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған республикалық қазақ мамандандырылған музыка мектеп-интернатының оқытушысы.

орден
Фото: akorda.kz

«Құрмет» орденімен:

▪️Асқаров Азамат Асқарұлы – Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрының әртісі;
▪️Ахатов Асылбек Құсымұлы – Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық халық аспаптар оркестрінің әртісі;
▪️Әбілдина Ғайнижамал Байкәрімқызы – Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының профессоры;
▪️Джулмухамедова Айжан Абылайханқызы – А. Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған республикалық қазақ мамандандырылған музыка мектеп-интернатының оқытушысы;
▪️Карменова Тоғжан Жанатқызы – А. Селезнев атындағы Алматы хореографиялық училищесі директорының орынбасары;
▪️Қалдыбаева Гүлжан Ақмәдиқызы – Ә. Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік өнер музейінің суретші-реставраторы;
▪️Құлыш Қапаш Қабыкенқызы – Қазақ ұлттық өнер университетінің профессоры;
▪️Медеубаева Светлана Магнитқызы – А. Селезнев атындағы Алматы хореографиялық училищесінің бөлім басшысы;
▪️Молдашева Гүлзира Бәкірқызы – Ә. Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік өнер музейінің бас қор сақтаушысы;
▪️Мұртазина Қарлығаш Төкенқызы – «Айгүл» ВАА вокалисі;
▪️Насирова Гульбахар Касимовна – Қ. Қожамияров атындағы республикалық мемлекеттік академиялық ұйғыр музыкалық комедия театрының бөлім меңгерушісі;
▪️Тоқжанов Төлепберген Торахметұлы – Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының профессоры.

«Ерен еңбегі үшін» медалімен:

▪️Ақпасова Бәтеш Рахметжанқызы – Қазақстан Республикасының ұлттық музейінің қызмет басшысы;
▪️Бисенғалиев Мұрат Құмарғалиұлы – А.Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған республикалық қазақ мамандандырылған музыка мектеп-интернатының аға оқытушысы;
▪️Жабаева Әлия Шүйіншәліқызы – Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театры режиссердің көмекшісі;
▪️Омирбекова Марина Сергеевна – Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театры аккомпаниатор-концертмейстері.

«Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағы:

▪️Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық халық аспаптар оркестрінің дирижері Айсын Жексен Қуанұлына;
▪️А. Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған республикалық қазақ мамандандырылған музыка мектеп-интернатының оқытушысы Ақмолдаев Саян Досмахамбетұлына;
▪️Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрының бас хормейстері Темірбекова Әлия Жанәбілқызына берілді.

марапат
Фото: akorda.kz
марапат
Фото: akorda.kz
марапат
Фото: akorda.kz
марапат
Фото: akorda.kz
марапат
Фото: akorda.kz
марапат
Фото: akorda.kz
марапат
Фото: akorda.kz
марапат
Фото: akorda.kz
марапат
Фото: akorda.kz

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button