
Ағымдағы жылдың 31 мамыры мен 1 маусымында ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «30 игі іс» қайырымдылық акциясы аясында «Nur Otan» партиясының Семей қалалық филиалы Шығыс Қазақстан облыстық және Семей қаласы мәслихатының депутаттарымен бірлесіп, 1 маусым Халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтау мақсатында «Семей қаласының кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығы» КММ мен «Өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығы» КММ тәрбиеленушілерін құттықтап, сыйлықтар, түрлі ойыншықтар мен дамыту ойындарын табыс етті.
Балаларға «Nur Otan» партиясы Семей қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасарының м.а. М.М.Куржикаева және «Nur Otan» партиясы фракциясының депутаттары ізгі тілектерін білдіріп, мықты денсаулық, өмірде қуаныш және бақытты балалық шақ, болашақта қоғамнан өз орындарын тауып, арман-мақсаттарына жетуін тіледі.
Semey News