ШҚОҚоғамТОП

Шығыс Қазақстан облысында Балаларды қорғау күні атап өтілді

Шығыс Қазақстан облысында түрлі шаралармен Балаларды қорғау күні атап өтілді, деп хабарлайды Semey News.

«Шығыс ақпарат» ақпараттық орталығының хабарлауынша, мерекелік күн облыс әкімі Даниал Ахметовтың республикалық және халықаралық зияткерлік олимпиадаларының, спорттық жарыстардың және шығармашылық байқаулардың жеңімпаздарымен дәстүрлі кездесуімен басталды.

Биылғы оқу жылында облыстағы оқушылар  республикалық және халықаралық зияткерлік олимпиадаларда және ғылыми байқауларда146 медаль жеңіп алды. Оның ішінде: 28 алтын, 45 күміс және 73 қола медаль.

Жас спортшылар 17 алтын, 16 күміс және 20 қола жүлдені жеңіп алды. Шығармашылық байқауларында облыс оқушылары ұлттық және халықаралық сахналарында өнер көрсетті, 97 жас ақынымыз, музыкантымыз, суретшіміз, бишіміз және әншіміз беделді байқаулардың лауреаты танылды.

Кездесу дөңгелек үстел басында еркін әңгіме форматында өтті. Жас суретші Ғазиза Таныбек облыс басшысына халықаралық шығармашылық байқауында гран-приді жеңіп алған суретін сыйға тартты.

Барлық дарынды оқушылар Даниал Ахметовтан грамоталар мен сыйлықтар алды.

Сонымен қатар осы күні дәстүрлі «7 керемет»шығармашылық байқауы өтті. Облыстың 5 жастан 17 жасқа дейінгі барлық ниет білдіруші балалар «Менің Отаным – Қазақстан» тақырыбындағы сурет байқауына, «Міне қандай, біздің жаз» авторлық тақпақтар байқауына, «Табиғатты бірге сақтайық» фото байқауында, «Қауіпсіз жаз» презентация байқауында, «Бақытты балалық шақ» ән байқауында, сондай-ақ «Білімге барар жол» квестіне қатысып өнерлерін көрсете алды.

Сол жағалау кешенінің саябағында ШҚО ТЖД құтқарушылары балалармен кездесті. Викторина соңында балалар өрт сөндіру көлігінде және қайықта жүруге мүмкіндік алды, сонымен қатар асфальтта сурет салу байқауына қатысты.

Semey News

 

 

Осы айдарда

Back to top button