Абай облысыМәдениетҚоғамТОП

«Абай жолы» кітапханасының әдеби экспозициясы Астана төрінде

Астана қаласында «EurasianBookFair – 2024» VII – Еуразиялық халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесі өтуде. Оған Семейдегі Абай атындағы облыстық әмбебап кітапхана қызметкерлері әдеби экспозиция ұсынып, «Абай жолы» кітапханасының тұсаукесерін ұйымдастырды, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

«Абай жолы» кітапханасы жобасы облыс әкімі Нұрлан Ұранхаевтың қолдауымен жүзеге асырылған әдеби жоба.

Шараның мақсаты тарихи кітапхана қорындағы көне жәдігер – кітап ескерткіштерімен және «Абай жолы» кітапханасы жобасы аясында жарық көрген жаухар туындылармен көпшілік қауымды кеңінен таныстыруға бағытталды. Салтанатты шара қонақтарына Абай, Шәкәрім, Мұхтардың көзі тірісінде олар туралы жазылған сирек дереккөздер тосын сый болды.

Әдеби экспозицияның «Абай, Шәкәрім сирек басылымдарда» бөлімінде кемеңгер ақын Абай мен сахара ойшылы Шәкәрімнің қайраткерлік тұлғасын ашып көрсететін сирек өлкетану басылымдары көрініс тапты. Сонымен қатар қаламгер М.Әуезовтың тұлғалық қасиетін танытатын түпнұсқалар көрмеден орын алды.

«Сирек басылымдардағы Әуезов шығармалары» бөлімі Абайдың көркем әдебиеттегі бейнесін сомдайтын «Абай жолы» эпопеясының мерзімді басылымдар беттерінде жарияланған алғашқы үзінділерімен және эпопеяның 1945, 1948, 1949 -1950 жылдардағы толық нұсқасымен таныстырды.

Әдеби экспозицияның үшінші бөлімінде «Абай жолы» кітапханасы жобасы аясында жарық көрген өңір авторларының шығармалары қонақтардың назарына ұсынылды.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button