ҚазақстанҚоғамТОП

Air Astana Алматы мен Самарқан арасында 9 маусымнан бастап тіке рейс ашады

Екі бағытқа әуе билетінің құны эконом-класс үшін 69 481 теңгеден, ал бизнес-класс үшін 221 332 теңгеден басталады, деп хабарлайды Semey News informБЮРОға сілтеме жасап.

Air Astana Алматыдан Өзбекстанның ежелгі қаласы Самарқанға тіке рейс ашады, деп хабарлады компанияның корпоративтік коммуникациялар департаменті. Екі қала арасында A321 авиалайнері 9 маусымнан бастап әр сәрсенбі және жексенбі сайын қатынайды.

•Сәрсенбі сайын ұшақ Алматыдан 15:40-та ұшып, Самарқанға 16:15-те қонады. Ал Алматыға 17:45-те ұшқаннан кешкі 20:20-да жетеді.
•Жексенбі күндері ұшақ Алматыдан 11:20-да ұшып, Самарқанға 11:55-те қонса, қайту рейсі 13:25-те ұшып, Алматыға 16:00-де келеді. Ұшу уақыты 1 сағат 35 минут.

Екі бағытқа әуе билетінің құны барлық төлемдерді есепке алғанда эконом-класс үшін 69 481 теңгеден, ал бизнес-класс билеті 221 332 теңгеден басталады.

Air Astana Өзбекстан астанасы Ташкентке 2010 жылдан бері тұрақты түрде рейс орындап келеді. Самарқан әуе компаниясы қатынайтын Өзбекстандағы екінші қала болады.

Semey News

Осы айдарда

Back to top button