ҚазақстанҚоғамТОП

Назарбаев әуежайында екі рейстің уақыты шегерілді

Елордада Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайында екі бірдей рейстің уақыты шегерілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл туралы әуежайдың баспасөз хатшысы Әнуар Шалекенов мәлім етті.

«Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы екі әуе рейстің кешігіп жатқанын хабарлайды. Нұр-Сұлтан – Түркістан бағытындағы рейс кесте бойынша таңғы сағат 9.05-те ұшып шығуы керек болған. Техникалық себептерге байланысты жоспарланған резервтік әуе кемесінің жеткіліксіздігінен сағат 20.10-ға дейін кешігеді.

Сондай-ақ SCAT әуе компаниясының Нұр-Сұлтан – Алматы бағытындағы рейсі әуе кемесінің кешігіп жетуіне байланысты 16.30-ға шегерілді. Жоспарланған уақыты сағат 14.05 болатын», – деді әуежай өкілі.

Semey News

Осы айдарда

Back to top button