ҚоғамМерекеСемейТОП

Семейдегі Шығыс кентінде Наурыз мейрамы тойланды

Бүгін бүкіл елімізде Әз Наурыз мейрамын тойлау басталды. Семейде Наурыз мейрамы қала шетіндегі 5 ауданда атап өтілді, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Солардың бірі № 45 жалпы орта білім беретін мектептің ауласында өтті. Жергілікті тұрғындарды қала басшылығы келіп құттықтады. Қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов жиналғандарды көктемгі жаңару мерекесімен құттықтап, бақ-береке тіледі.

Іс-шара аясында түрлі спорттық жарыстар, шығармашылық конкурстар мен көрмелер өтті.

Бұл күні мереке қонақтарына сәндік-қолданбалы өнер көрмесі ұсынылды, онда жергілікті қолөнершілер өз туындыларын ұсынды: мұнда әр түрлі көрпелер, тұрмыстық заттар және барлық керек-жарақтар қойылған.

Сондай-ақ , қалалық мәдениет сарайының әншілері өнер көрсетіп, арқан тартыш, асық ойыны және басқа да ұлттық ойындардан жарыстар өтті. Шығыс кентінің тұрғындарының ұйымдастыруымен ақ дастархан жайылып, наурыз көже мен бауырсақтар таратылды.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button