
Бұл туралы телеарнаның директоры Мақпал Жұмабай Facebook-тегі парақшасында жазды.
«Бразилиядағы Баиа Халықаралық анимациялық фестивалінде (FESTIVAL INTERNACIONAL DE ANIMAÇÃO DA BAHIA) Balapan телеарнасының «Шыңырау» анимациялық фильмі «Үздік саундтрек» номинациясында жеңімпаз атанды!
«Шыңырау» – «Қоңыр қаз» анимациялық жобасының 2Д қысқаметражды фильмдерінің бірі. Онда біз анимация көмегімен классикалық музыкалық шығарманың сюжетін, сондай-ақ, Ықылас Дүкенұлының күйіндегі мифологиялық және фольклорлық сарындарды бейнелеуге тырыстық. Қобыздың қайталанбас үні арқылы қазақ халқының бай мәдениетін көрсетуге тырыстық», – дейді Мақпал Жұмабай.
Туындыны Balapan телеарнасының ұжымы, сценаристер Зира Наурзбаева мен Тамара Мұқанова, қобызшы Акнар Шарипбаева, режиссер Дильшат Рахматуллин, Dala Animation командасы бірлесіп жасаған.
«FIAB @fiab_festival фестивалінің ұйымдастырушыларына, көрермендеріне және қазылар алқасына біздің фильмді сезініп, бағалағандары үшін рахмет айтқымыз келеді», – деп жазды Balapan арнасының директоры.
Semey News