
«Семей Водоканал» МКМ хабарлауынша, сумен жабдықтау желілерін бір уақытта жууға және залалсыздандыруға байланысты, 2021 жылғы 28 мамырда сағат 20:00-ден 29 мамырдағы сағат 06:00-ге дейінгі аралықта қаланың оң және сол жағалау бойынша ауыз су уақытша тоқтатылады.
«Көрсетілген мерзімде, су құбырында болған суды тұтынуға қатаң тиым салынады. Қала тұрғындарына, қалалық кәсіпорындар мен мекеме басшыларына өтініш: тәуліктік су қорымен қамтамасыз етіп, қалыпты жұмыс істеу және өрт сөндіру үшін барлық шараларды қабылдауды сұраймыз», – деп «Семей Водоканал» МКМ ескертті.
Semey News