
Өңірде арнайы құрылған мониторингтік топтар карантин талаптарының сақталуын қадағалау үшін қоғамдық көліктерде, дүкендерде, дәріханалар мен басқа да мекемелерде күн сайын рейд жүргізуде.
«25 мамыр күні Семей қаласында 263 объекті тексерілді. Облыстың Бас санитарлық дәрігері белгілеген шектеу шараларын бұзудың 8 фактісі тіркелді. Нақты айтқанда, сауда орындарында, қоғамдық тамақтану объектілеріне маска режимін сақтамағандар анықталды», – делінген ШҚО ақпарат орталығы таратқан мәліметте.
Риддер шаһарында 75 нысанға рейд жүргізіліп, 3 бұзушылық тіркелді. Алтай қаласында мониторингтік топтар 139 объектіні тексерген. Соның нәтижесінде, шектеу шараларын сақтамаған 2 адам анықталды. Бұдан бөлек, Бесқарағай, Глубокое, Шемонаиха аудандарында 4 бұзушылық тіркелген.
Semey News