Абай облысыТОП
Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаевтың ҚХР Шыңжаң-Ұйғыр автономиялы ауданына жұмыс сапары басталды
Бүгін Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаевтың ҚХР Шыңжаң-Ұйғыр автономиялы ауданына жұмыс сапары басталды.
Делегация құрамында Үржар және Аягөз ауданының басшылары, кәсіпкерлер, бизнес өкілдері және өңірдегі жергілікті компания басшылары бар.
Сапар барысында Шыңжаң-Ұйғыр автономиялы ауданындағы Тарбағатай ауданының басшылығымен кездесу, ҚХР шекаралық сауда орындарын, логистикалық инфрақұрылымдарды және ірі аймақтық кәсіпорындарды аралау жоспарланған.