
ТКШ бөлімінде масаларды улайтын аумақтың жалпы көлемі 68,3 га. құрайды деп түсіндірді. Мамандар негізгі ошақтарын анықтады, қазір ол жерлерде өңдеу жүргізілуде. Олар – жағалау, Орталық саябақ, Жеңіс саябағы, жедел медициналық жәрдем ауруханасы ауданы, Бейбітшілік аралы, Орталық және Әуезов алаңдары.
«Семейліктерге үлкен өтініш. Өз жертөрелеріңізді өздеріңіз өңдеңіздер. Бұл қымбат емес. Бір жұдырыққа жұмылсақ, онда осы мәселені шешеміз», – деп атап өтті ТКШ көріктендіру бөлімінің басшысы Азамат Кумеков.
Міне, семейліктердің екінші апта әлеуметтік желілерде бұрын-соңды болмаған маса шағуларына шағымданып жүргендерін естеріңізге саламыз.
Semey News