Абай облысында АЭС құрылысы бойынша қоғамдық тыңдаулар өтеді

Қазақстанда АЭС салу мәселесі бойынша қоғамдық талқылау өткізілетіндігі туралы
ХАБАРЛАНДЫРУ
Баршаңызға мәлім, Мемлекет Басшысы Қ.К.Тоқаев өзінің 2023 жылғы 1 қыркүйектегі «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Жолдауында Қазақстанда атом электр стациясын салу мәселесі бойынша алдын ала халық арасында қоғамдық талқылаулар ұйымдастырып, жалпыұлттық референдум өткізу туралы бастама көтерді.
«Абай облысының Азаматтық альянсы» ЗТБ бастамасы бойынша облыстың Қоғамдық кеңесі референдум өткізілгенге дейін Қазақстанда АЭС салу мәселесі бойынша қоғамдық талқылаулар өткізеді.
Қоғамдық талқылауларға атом саласының сарапшылары қатысады. Талқылаулар барысында азаматтар АЭС салудағы технологияның қауіпсіздігі, сондай-ақ оның әлеуметтік-экономикалық аспектілері бойынша өздерін толғандыратын барлық сұрақтарды қоя алады.
Қоғамдық талқылау өткізілетін орын: Семей қаласы, Қ. Мұхамедханов көшесі, 14. Рымбек Байсеитов атындағы Семей қаржы-экономикалық колледжінің акт залы.
Қоғамдық талқылау өткізілетін уақыт: 2023 жылғы 15 қараша сағат 16:00.
Semeynews.kz