Абай облысыҚоғамМерекеТОП
Абай облысының Үржар ауданында Республика күні атап өтілді

Бүгін Үржар аудандық Мәдениет үйінде 25 қазан – Республика күніне арналған салтанатты жиын өтті, – деп хабарлайды Semeynews.kz.
Мерекелік шараға аудан әкімінің міндетін атқарушы Ақылбек Башимбаев қатысып, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына жан-жақты зор үлес қосып жүрген Үржарлықтарға мерекелік марапаттар, мақтау қағаздары мен Алғыс хаттарын табыстады.
Жаңадан мемлекеттік қызметке қабылданған жас мемлекеттік қызметшілер ант қабылдады.
Сонымен бірге, әр сала бойынша жыл үздіктері анықталып, сертификаттар берілді.
Шара аудандық Мәдениет үйі көркемөнерпаздарының концерттік бағдарламасымен жалғасын тапты.
Semeynews.kz