Орта жалпы білім беретін мектепті аяқтаған максималды қауіпсіздік мекемесінің түлектерін Skype арқылы сотталғандардың туыстары құттықтады
ШҚО бойынша ҚАЖ департаментінің ОВ-156/15 мекемесінің орта жалпы білім беретін мектеп түлектері үшін «Соңғы қоңырау» шарасы өткізілді. Мектеп директоры оқушыларды оқу жылының аяқталуымен құттықтады. Оларға тезірек босап, жоғарғы оқу орындарына түсуін тіледі. Сондай-ақ, түлектерді Skype арқылы жақындары құттықтады және оларға тілек сөздерін айтты, деп хабарлайды Semey News.

Түлектер үшін мектеп бітіргендігі туралы куәлік – бұл көптен күткен құжат.
Жасаған қылмысы үшін жазасын өтей жүріп сотталушы биылғы жылы кешкілік мектепті аяқтап, орта білім алды. Мектептегі бұл қоңырау оның соңғы қоңырауы.
«Ата-анам ертеректе қайтыс болған. Апамның қолында тәрбиелендім. Мен жаман істер көп жасадым. Мектепте 9-сыныпқа дейін білім алдым. Мектепті аяқтап, орта білім туралы аттестат алғаныма өте қуаныштымын. Мені алда жаңа өмір күтіп тұр. Мекемеде жағымды мінезедеме алдым және уақытынан бұрын босауға үміттенемін, содан кейін жоғарғы оқу орнына тапсырамын», – деді сотталушы.
24 мектеп түлектерінен 8 адам жақсы оқу үлгерімі үшін грамотамен марапатталды, олар үштіксіз аттестат алды, деп хабарлады ШҚО бойынша ҚАЖ департаментінің баспасөз қызметі.
Semey News