Абай облысыДенсаулықҚоғамМӘМСТОП

«ҚАТЕРЛІ ІСІК НЕҒҰРЛЫМ ЕРТЕ АНЫҚТАЛСА, ҚАЛПЫНА КЕЛУ ЫҚТИМАЛДЫҒЫ СОҒҰРЛЫМ ЖОҒАРЫ БОЛАДЫ!»

Қазақстанда ауруды ерте анықтау үшін ТМККК және МӘМС бойынша жүргізілетін скринингтік тексерулерден өту міндетті.

Скринингтерді тексерулер қарастырылған жас тобына кіретін адамдар өтеді. Мысалы, 40 жастан 70 жасқа дейінгі сақтандырылған әйелдер 2 жылда 1 рет тіркелген жері бойынша емханада сүт безі обырын ерте анықтауға арналған скринингтен өтуі мүмкін.

Статистикаға сәйкес сүт безі қатерлі ісігі барлық онкологиялық аурулардың таралуы бойынша әлемде бірінші орында тұр.

Абай облысы бойынша 2023 жылдың 9 айында онкологиялық науқастардың электрондық тіркелімінің деректер базасында онкологиялық аурулардың 1 247 жаңа жағдайы тіркелді, бұл 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 139 пациентке артық.

Осылайша Семей қаласында скринингтік бағдарламалар аясында сүт безі обырын анықтау мақсатында әйелдерде 20 мыңнан астам маммографиялық тексерулер жүргізілді. Жалпы облысқа келетін болсақ, аудандарда 14 мыңнан астам әйел медициналық тексеруден өтті.

Жоғарыда атап өтілген жоспарлы түрде скринингтен 1965 жылғы аудан тұрғыны тіркелген жері бойынша емханадан өтті. Скрининг нәтижесінде әйелде ісік табылды. Науқас бейінді маманға қабылдауға жіберілді.

«Маммография мен биопсиямен қатар қосымша тексерулер жүргізілді. Биопсия нәтижелері диагнозды растады, науқаста бірінші сатыдағы сүт безі қатерлі ісігі анықталды. Барлық түсіндіру жұмыстары жүргізілгеннен кейін пациентке неоплазманы жою үшін орган сақтайтын ота жасау ұсынылды», – дейді дәрігер-онколог.

58 жастағы науқасқа операция ешқандай асқынусыз сәтті өтті.

«Ауру анықталған кезде мен депрессияға түспедім. Мақсатым қатерлі ісіктен тезірек құтылу болды, өйткені менің балаларыма сау ана керек! Дәрігерлер бәрін түсіндіріп, бірнеше рет профилактикалық әңгімелер жүргізді. Қатерлі ісік бұл үкім емес дегім келеді!» – деп науқас өз тәжірибесімен бөлісті.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button