Абай облысыҚоғамТОП

Абай облысында өңір басшысының төрағалығымен «Ауыл – ел бесігі» жобасын жүзеге асыру барысы туралы жиын өтті

Облыс әкімі Нұрлан Ұранхаевтың төрағалығымен «Ауыл – ел бесігі» жобасын жүзеге асыру барысы туралы жиын өтті, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

«Ауыл – ел бесігі» жобасын жүзеге асыру аясында 210 жұмыс орны ашылды.

Бағдарлама аясында облыста 77 жоба орындалып жатса, соның 45-і аяқталды.

Жиында құрылыс жұмыстарының барысы талқыланды. Жобаны іске асыру қарқынына ерекше назар аударылды.

Айта кетсек, жобаларды жүзеге асыруға барлығы 9,5 млрд теңге, оның ішінде Ұлттық қордан – 4,2 млрд теңге, облыстық бюджеттен – 5,3 млрд теңге бөлінді. Жыл басынан бері жүзеге асып жатқан жобалардың аясында 210 жұмыс орны құрылды.

Жоба нәтижесінде 24 әлеуметтік нысанды, оның ішінде 7 білім беру, 6 денсаулық сақтау, 10 спорт және мәдениет нысанын, сондай-ақ 1 әлеуметтік қорғау мекемесін пайдалануға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, көлік инфрақұрылымы саласында 33 жоба жүзеге асырылады.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button