Абай облысыҚазақстанҚоғамТОП

Астана қаласында ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің өңірлік жәрмеңкесі өтіп жатыр

Өз өнімдерімен елордаға Семей қаласы, Абай, Аягөз, Бесқарағай, Бородулиха, Көкпекті, Ақсуат, Үржар және Жарма аудандарының ауыл шаруашылығы өндірушілері келді, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Жәрмеңкеге 120 тоннадан астам өнім әкелінді. Олардың ішінде ет (сиыр еті, жылқы еті және қой еті) – 47 тонна, құс еті – 4 тонна, жидектер, картоп – 40 тонна, өсімдік майы – 1 тонна, сүт өнімдері – 5 тонна, бал – 8 тонна, ұлттық тағамдар (құрт, бауырсақтар және т.б) – 2 тонна, қымыз – 1 тонна, шұжық өнімдері – 1 тонна, балық – 1 тонна, кондитерлік өнімдер – 0,5 тонна, бақша өнімдері – 10 тонна.

Жәрмеңке қонақтарын экологиялық таза және сапалы өнімдердің кең ассортименті ғана емес, сонымен қатар қолайлы бағалар да күтеді.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button