Абай облысыҚоғамТОП

Абай облысында жаңа ЖЭС қашан салынады

Абай облысында жаңа жылу электр станциясы салынады, – деп хабарлайды Semeynews.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Жаңадан салынатын жылу электр станциясының құрылысы 2026 жылы біту керек. Қазір ол бойынша техникалық негіздеме жасалынып жатыр. Бұрын болған бірақ уақыт өткеннен кейін оған өзгерістер енгізу керек болды. ЖЭС салуды «Смаұрық-Энерго» компаниясы тегін жүзеге асырып жатыр», – деді Абай облысының әкімі Нұрлан Уранхаев Jibek Joly телеарнасының эфиріндегі Ерболат Мұхамеджанның «Уәде» бағдарламасында.

Әкімнің айтуынша, жылу электр станциясы мемлекет қаражатына салынбайды.

«Бірақ ЖЭС әкімдіктің балансында болады. Станцияның электро қуаты 360 мгб. Жалпы жылу маусымына дайынбыз. Биыл ол 15 қазаннан басталады», – дейді ол.

Бұған дейін Абай облысының әкімі биылғы бюджет туралы сөз еткен еді. 

Одан бөлек, Н.Ұранхаев Алакөлде биыл туризмнен 1 млрд теңге салық түсетіндігі туралы мәлім етті.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button