Абай облысының биылғы бюджеті қанша

Бұл туралы Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев Jibek Joly телеарнасының эфирінде Ерболат Мұхамеджанның «Уәде» бағдарламасында мәлім етті, – деп хабарлайды Semeynews.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
«Әкімдік үшін жаңа ғимарат салмаймыз. Облыста ғимараттан басқа да қордаланған мәселелер бар. Сондықтан біз бұрынғы ғимаратта отыра береміз. Бірақ қазіргі отырған ғимаратқа жөндеу жұмыстарын жүргіземіз. Бұл бағытта Үкіметтің резервінен қаражат бөлініп жатыр», – деді Нұрлан Ұранхаев сұхбат барысында.
Сондай-ақ, өңір басшысының мәлімдеуінше, Абай облысының биылғы бюджеті 400 млрд теңгеден астам.
«Өткен жылы біздің облысқа Мемлекет басшысы сапармен келіп, облыстың кешенді даму жоспарын әзірлеуді жүктеді. Біз оны тез арада әзірлеп, Үкіметтің алдында қорғап бекіткен болатынбыз. Оған сәйкес соңғы жыл ішінде 1,9 млрд теңге инвестиция тартылады деген жоспар бар. Жалпы 102 іс-шара қамтылған. Биыл облыста минералды және мыс өңдеу зауыты ашылды. Президент жүктеген міндеттердің бірі Аягөз қаласында логистикалық парк салу», – дейді ол.
Semeynews.kz