ТЖМ басшысы жұмыс сапарымен Семей қаласында болды
Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин жұмыс сапарымен Семей қаласында, деп хабарлайды Semey News.
Deprecated: Function strftime() is deprecated since 8.1, use IntlDateFormatter::format() instead in /var/www/vhosts/018.kz/semeynews.kz/wp-content/plugins/qtranslate-x -disabled/qtranslate_core.php on line 713 Deprecated: Function strftime() is deprecated since 8.1, use IntlDateFormatter::format() instead in /var/www/vhosts/018.kz/semeynews.kz/wp-content/plugins/qtranslate-x -disabled/qtranslate_core.php on line 750
Шығыс Қазақстанға жұмыс сапары барысында Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин Семей қаласының № 2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінде болып, жергілікті құтқарушылардың өрт сөндіру үшін қолданатын техникасымен танысты. Сондай-ақ, ТЖМ басшысы 1927 жылы салынған ғимаратта орналасқан өрт-техникалық орталығының экспонаттарымен және көрмесімен танысты.

Мұнда қызметтегі тарихи сәттер, өртті атпен сөндіру және өрт сөндірушілердің каскаларын жасау стендтері, қаладағы алғашқы өрт сөндіру командасының қалыптасуының фотоматериалдары жинақталған.
Сапар соңында төтенше жағдайлар басшысы жедел басқару орталығында болып, өңірді төтенше жағдайлардан қорғау бойынша бірқатар тапсырмалар берді.
Semey News



