Абай облысыҚоғамСемейТКШТОП

Семейде Орталық саябақтағы көгалдар автоматты суару жүйесіне қосылды

Бұған дейін Семей қаласындағы орталық саябақтың жағдайы біраз кері пікірлерге ұшыраған болатын. Ағымдағы жылы облыс әкімі Нұрлан Ұранхаевтың тапсырмасы бойынша орталық саябақтың көгалдарын күтіп ұстау және суару жүйесін реттеу жұмыстары жүргізілді, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Бұл туралы бүгін қаланың тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы Ерназ Мұқатаев мәлімдеді.

– Саябақты күтіп ұстау аясында 17 мың шаршы метр көгал қалпына келтіріліп, Мәңгілік Ел көшесі, 4 суару жүйелері орнатылды. Көгалдардың жайқалып өсуі үшін үнемі суару қажет және бұл шара күтім ұстау жоспарына енгізілді. Сонымен қатар, саябақтың кіреберісін қалпына келтіріліп, шағын сәулет элементтері ауыстырылды. Орталық саябақты жақсарту бойынша жұмыстың келесі қадамы саябақ аумағында шалшықтардың пайда болу мәселесін қарастыру болды. Облыс және қала басшылығының тапсырмаларына сәйкес, тиімді ағызу және судың жиналуын болдырмау үшін геодезиялық деректерді қайта қарау жоспарлануда. Мердігер ұйымда жұмыстарды орындауға өз үлесін қосуға дайын. Нақты мерзімдер белгіленбеген, өйткені жұмыстар ағымдағы қызмет көрсету және келісу шеңберінде орындалады, – деп атап өтті Ерназ Мұқатаев.

Бөлім басшысы орталық саябақ барлық тұрғындар үшін демалыс орнына айналу үшін ТКШ қоғамдық орындарды жақсарту бойынша жұмысты жалғастыратынын атап өтті.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button