Абай облысыҚоғамҚылмысТОП

Семейде ұрланған көлікпен көлік апатына түсті: полиция қызметкерлері мас көлік ұрлықшыны ұстады

Абай облысының полицейлері көлікті ұрлау және ЖКО жасау фактісі бойынша қылмыстық істі тергеуде. Кінәлі мас күйінде болған, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Абай облысы ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2023 жылғы тамыз айында Абай облысының орталығындағы Шәкәрім даңғылында “ВАЗ 21013” көлік құралының жүргізушісі қашықтықты сақтамай, алда келе жатқан автокөлікпен соқтығысуға жол берді.

Полиция қызметкерлері келгенде құқық бұзушы мас күйінде көлікке құжаттарды ұсына алмай полицейлерді жанжалға итермеледі.

Анықтау кезінде белгілі болғын мәліметтер бойынша, 34 жастағы жергілікті тұрғын сағат 02.00-ден 04.00-ге дейінгі уақыт аралығында Семей қаласының жатын аудандарының бірінің ауласында болған кезде “ВАЗ 21013”автокөлігінің әйнегін сындыру арқылы ұрлап кеткен.

Көлік иесі өз көлігінің жоқтығын бірден байқамады, полицияға хабарлаған кезде тәртіп сақшылары күдіктіні ұстаған болатын.

Аталған факті бойынша ҚК-нің 200-бабы «Автомобильдi немесе өзге де көлiк құралын жымқыру мақсатынсыз құқыққа сыйымсыз иеленіп алу» бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу басталды. Сондай-ақ, көлік ұрлаушыға қатысты ӘҚБтК-нің 610-бабы және 608-бабы 6-бөлігі бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button