ШҚО-да бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысы күшіне енді
Бүгін облыстың бас санитарлық дәрігерінің жаңа қаулысы күшіне енді. Соған сәйкес аймақтағы шектеу шаралары 6 маусымға дейін ұзартылды. Семей қаласының бас санитарлық дәрігері Берік Тілебалдин онлайн өткен баспасөз мәслихатында "жасыл" және "сары" аймақтағы нысандардың қалай жұмыс істейтінін түсіндірді, деп хабарлайды Semey News.

Аймақ коронавирустың таралу қарқыны бойынша “жасыл” аймақта орналасқанына қарамастан, Семей қаласы әлі де “қызыл” аймақта қала бермек. Бүгінгі таңда Семейде барлығы 7067 КВИ жағдайы тіркелген. Оның ішінде 5350 клиникалық белгілері бар болса, ал 1717 симптомсыз түрі байқалған. Алайда, 16-22 мамыр аКВИ-мен ауыратындар саны 7,3% – ға төмендеген. Сондықтан қаладағы нысандар “сары” аймақ жағдайында жұмыс істейтін болады.
– Базарларға, СОО-на, ірі сауда объектілеріне жексенбі күні сағат 18:00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат етіледі. Қоғамдық тамақтану жерлері санитарлық режимді сақтай отырып, сағат 7:00-ден 00:00-ге дейін жұмыс істей алады. Балаларға арналған мектеп мекемелеріне де штаттық режимде жұмыс істеуге рұқсат етілген. Маска кию режимін және арақашықтықты сақтай отырып, халықтың серуендеу аймақтарына баруына рұқсат етіледі, – дейді Берік Тілебалдин.
Естеріңізге сала кетейік, қала бойынша “ASHYQ” жобасы енгізілді. Ол QR-кодтың көмегімен және ПТР жалпы базасымен кірушілердің мәртебесін анықтауға мүмкіндік береді. Енді кәсіпкерлер келушілер мен қызметкерлер арасында вирус жұқтыру қаупін азайта алады. Жоба карантиндік шектеулер кезеңінде бизнес қызметін жалғастыру (қайта бастау) алгоритмдерін оңтайландыруға мүмкіндік береді.
Semey News