Абай облысыҚоғамСемейТОП
		
	
	
Абай облысында «Шығыс 2023» оқу-жаттығуы мәресіне жетті

Абай гарнизоны әскери бөлімдері 2023 жылдың 25 тамызымен 5 қыркүйек аралығында «Шығыс» түраралық полигонында «Шығыс-2023» жедел командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтті, – деп хабарлайды Semeynews.kz.
Абай өңірлік гарнизонының баспасөз қызметінің хабарлауынша, Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы, генерал-лейтенант Талғат Қойбақовтың қатысуымен өткен іс-шара мақсаты әскерлердің жауынгерлік әзірлігін және белгіленген мерзімде олардың тапсырмаларды орындау қабілеттіліктерін тексеру.

Еске салайық, бұл оқу-жаттығу төрт облыс аумағында бір мезгілде өтуде. Оған бес мыңға жуық әскери қызметші және бір жарым мың бірлік қару-жарақ пен әскери техника қатысуда.

- Осындай оқу-жаттығудың маңызы бөлек. Сан түрлі қорғаныс және шабуылдау бағытындағы жаттығулар орындалды. Қауіпсіздік шараларының бұзылуы орын алған жоқ. Шара соңында ауқымды жаттығуға қатысқан әскери қызметшілерге құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы генерал-майор Қойбақов мадақтама қағаздары мен естелік сыйлықтар табыстады, – дейді құрлық әскерлерлерінің бас штабының жедел басқармасының бастығы полковник Нұрлыхан Темірбеков.
 
«Шығыс-2023» жедел командалық-штабтық оқу-жаттығуы сәтті аяқталды.
Semeynews.kz
				


