ЖолдауҚазақстанҚоғамТОП

Қасым-Жомарт Кемелұлы су ресурстарының мәселесіне баса назар аударды – Мұхтар Әбдікәкімов

Әлеуметтік мониторинг және болжау орталығының бас маманы Мұхтар Әбдікәкімов.

– 1 қыркүйек үлкен мереке күнінде Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлының Жолдауын тыңдадық. Жолдауда айтылған мәселе де, факті де көп болды. Мемлекет басшысы баса назар аударған мәселе – жаһандық мәселе. Біз қазір 21 ғасыр жаһандық үрдістердің кең етек жайғанын білеміз. Бізде, әлемнің үлкен бір бөлшегіміз. Мемлекетімізде басқа мемлекеттермен тығыз қарым-қатынас орнатып жатыр. Сондықтан, бұл үрдіске , жаңа заманға көңіл аударуымыз қажет. Дамыған мемлекеттерден артта қалмауымыз керек,- деді Мұхтар Әбдікәкімов.

– Қасым-Жомарт Кемелұлы су ресурстарының мәселесіне баса назар аударды. Әлемдік деңгейде дамушы дамыған мемлекеттер деген түсінік бар. Әрине, біз әр уақытта да қалмауымыз керек. Технология үрдістерінің дамуын біз қазір көріп жатырмыз. Жалпы, компьютеризация ақпараттық құрылымның дамығанын көреміз. Мемлекет басшысы осы мәселені өте кеңінен айтты. Технологиялық дамудан біз қалмауымыз керек. Біздің жаңағы болашақ мамандарды дайындау да сапалы білім беруіміз қажет. Маман тапшылығы басылса, өндеу кәсіпорындарында қызмет атқаратын, отандық өнімді дамытуға көңіл аударатын мамандарымыз көбейе бастайды. Мұны, барлығы дамыған мемлекеттің қатарына ену үшін атқарылуы тиіс жұмыстар, – деп атап өтті Мұхтар Әбдікәкімов.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button