Семейде Конституция күніне арналған мерекелік концерт өтті
Deprecated: Function strftime() is deprecated since 8.1, use IntlDateFormatter::format() instead in /var/www/vhosts/018.kz/semeynews.kz/wp-content/plugins/qtranslate-x -disabled/qtranslate_core.php on line 713 Deprecated: Function strftime() is deprecated since 8.1, use IntlDateFormatter::format() instead in /var/www/vhosts/018.kz/semeynews.kz/wp-content/plugins/qtranslate-x -disabled/qtranslate_core.php on line 750
Мерекелік концертке облыс және қала басшылығы, қоғам қайраткерлері, мемлекеттік қызметкерлері, қала тұрғындары мен қонақтары қатысты, – деп хабарлайды Semeynews.kz.
Мемлекеттік биліктің қалыптасуына, еліміздің қарқынды дамуына жол ашқан Қазақстан Конституциясы күніне арналған салтанатты жиында Семей қаласының әкімі Нұрбол Нұрсағатов қала тұрғындары мен қонақтарын құттықтап, ізгі тілегін білдірді.

– Ардақты ағайын, құрметті жерлестер баршаңызды еліміздің мерейлі мерекесі – Конституция күнімен құттықтаймын! Біздің Ата заңымыз әлемдегі ең жас, әрі жалпыазаматтық құндылықтарды дәріптейтін ең үздік конституциялардың бірі. Ата Заңда бекітілген конституциялық нормалар бүгінде өзінің өміршеңдігін, заман талабына лайықтығын жан-жақты дәлелдеді. Біздің Конституциямыз, ең алдымен, елдің бірлігі мен қоғамның қауіпсіздігін, ұлттар мен ұлыстардың ауызбіршілігін, ең бастысы – жеке адамның құқықтары мен бостандықтарын қорғайды, – деді Нұрбол Нұрсағатов.
Облыстағы өнер ұжымдары мәдени концерттік бағдарлама ұсынды.
Semeynews.kz



