Абай облысы

Абай ауданында «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында 9 жобаны іске асыру жоспарланған

Бағдарлама Қазақстанның ауылдық жерлерінде тұратын адамдардың өмір сүру сапасын жақсартуда маңызды рөл атқарады. Ауылдық аумақтарды дамыту мақсатында жасалған бұл бағдарлама инфрақұрылымдық, әлеуметтік және экологиялық аспектілерді қамтиды.

Жоба аясында Абай ауданында жыл сайын бірқатар іс-шаралар өткізіледі. Саржал ауылындағы Көкенай батыр көшесін жарықтандыру, сондай-ақ, Есенғарин көшесі бойында ұзындығы 1,4 шақырым жолды орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. Жалпы, ауылдың барлық көшелеріне асфальт жабыны төселген. Сондай-ақ, ұзындығы 0,840 шақырымды құрайтын Көкбай ауылдық округі мен 1,5 шақырымдық Қарауыл ауылдық округінің көшелеріне орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр. Алдағы жылу беру маусымына дайындық жұмыстары да қарқынды жүзеге асырылып отыр. Қазіргі таңда қазандықтар мен жылу желілерін қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілген.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button