Абай облысыҚоғамТОП

Абай облысының әкімі Бесқарағай ауданының тұрғындарымен кездесті

Облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев Бесқарағай ауданындағы есеп беру кездесуінде өңір тұрғындарына биылғы жарты жылдықта өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуын баяндап, ағымдағы жылы қандай жұмыстар жоспарланғанын атап өтті, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Биылғы жартыжылдықта жоғары көрсеткіштерге қол жеткізген облыста Бесқарағай ауданының үлесі де бар. Ауданда тау-кен өнеркәсібі саласында «ГРК Электрум», «Семей Орда», «Қазникель, өңдеу өнеркәсібінде «Лесресурс» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері жұмыс жасайды.

«Агроөнеркәсіп кешені биылғы алты айда 22,2 пайызға өсті. Осы кезең ішінде өнеркәсіпте өндірілген 670 млрд. теңгеден астам өнім көлемінің 870,7 млн. теңгесі Бесқарағай ауданына тиесілі. Сонымен қатар облысқа тартылған 230 млрд. теңге шамасындағы инвестиция көлемінің 2,6 млрд. теңгесі де ауданның үлесінде. Қазіргі көрсеткіш бойынша инвестиция тартудан облыстағы өсім 154,2 % құрап отыр», – деді облыс басшысы.

Ауданның жағажай және емдік-сауықтыру туризмін дамытудағы әлеуеті зор. Шипалы «Шошқалы» көлінен басқа, «Святой ключ» орны, «Елімай» демалыс базасы, «Жас қанат», «Радуга» балаларды сауықтыру лагерлері орналасқан. Сондықтан бұл жерде туризм және сауықтыру бағытында жүйелі жұмыстар қажет.

«Бесқарағай тұрғындарының игілігіне 2 мыңнан астам шаршы метр тұрғын үй берілді. «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» пилоттық жобасы шеңберінде 65 медициналық нысан салу жоспарланған. Аудандық ауруханаға медициналық техниканы сатып алуға 45,4 млн. теңге қарастырылып отыр. «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында 511 млн. теңгеге 4 мәдениет мекемесін қайта жаңартып, жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Сондай-ақ аудандық мәдениет үйінің ғимаратын ағымдағы жөндеуге облыстық бюджеттен 55,7 млн. теңге бөлінді», -деп атап өтті Нұрлан Ұранхаев.

Облыста оқушы орынының тапшылығы мәселесі бар. Былтыр 1700 орынға арналған 4 мектеп пайдалануға берілген. Оның қатарында Бесқарағай ауданының Жыланды ауылындағы мектеп те бар.

Кездесуден кейін облыс басшысы Бесқарай ауданының тұрғындарымен жеке қабылдау өткізіп, сұрақтарына жауап берді.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button