Абай облысыҚоғамСемейТОП

“БИ-2” тобы өз гонорарын Абай облысындағы орман өртінен зардап шеккендердің көмек қорына аударады

21 маусымда “БИ-2” тобы “Алиллуя” жаңа альбомын қолдауға арналған әлемдік тур аясында Семей қаласында өнер көрсетеді. Концерт көпфункционалды спорт кешенінде өтеді, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

14 маусымда Астанада өткен концертте Шура Би-2 мен Лева Би-2 қаза тапқандардың отбасыларына және жан түршігерлік өрттен зардап шеккендердің барлығына көңіл айтты. Музыканттар концертті кейінге қалдырмауға, ал билеттерден алынған барлық қаражатты Абай облысындағы өрт кезінде зардап шеккендерге аударуға шешім қабылдады.

Бұл қайырымдылық бастама Qazaq Astyq Group қолдауымен Ольга Ли, Әсел Сүлейменова, Дәут Шайхисламов, Дана Орманбаева продисслерінің ұсынған Vi Project, Lievent, DPARTNERS компанияларының арқасында өтті.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button