ҚоғамСемейТОП

Семейдегі автобустарда жеңілдіктер сақталады

Кеше, "Semey Bus" ЖШС автобус паркінің ресми аккаунтында, 24 мамырдан бастап "Semey Bus" ЖШС автопаркі автобустарында жеңілдік және әлеуметтік көлік карталары тоқтатылатыны туралы ақпарат пайда болды, деп хабарлайды Semey News.

«Аталған шешім әкімшіліктің шығын орнын толтыру туралы келісімдерді тоқтатуына байланысты қабылданды» – деп түсіндірді автопарк баспасөз қызметінде.

Хабарлама қала тұрғындары арасында наразылық тудырды. Жеңілдік беретін көлік карталары «жасыл» автопарк автобустарында тек екі айға жарамды.

Бүгін Семейдің жолаушыларды тасымалдау және автомобиль жолдары бөлімі өзінің Instagramдағы ресми аккаунтында келесі мазмұндағы ақпаратты орналастырды: «Семей қаласының жолаушыларды тасымалдау және автомобиль жолдары бөлімі» ММ (одан ары – бөлім)  жолаушылар мен багажды автомобильмен тасымалдауды ұйымдастырушы және жауапты өкілетті орган ретінде, Семей қалалық әкімдігінің 2021 жылғы 4 ақпандағы № 244 Қаулысына және Семей қалалық мәслихатының 2021 жылғы 1 ақпандағы № 3/17-VІІ «Семей қаласы азаматтарының жекелеген санаттарының қала ішіндегі қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен жол жүру туралы» шешіміне сәйкес, тегін жол жүру келесі санаттағы тұлғаларға ұсынылатынын хабарлайды:

  1. Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері;
  2. көру қабілеті бойынша І топтағы мүгедектер жетектеушісімен;
  3. көру қабілеті бойынша ІІ топтағы мүгедектер;
  4. ең төменгі зейнетақы алатын зейнеткерлер;
  5. І топтағы мүгедектер;
  6. ІІ топтағы мүгедектер;
  • тарифтің 50 %:
  1. 70 жастан асқан зейнеткерлер.

Қазіргі барлық жеңілдіктер сақталады және жоғарыда көрсетілген әкімдіктің қаулысына және қалалық мәслихаттың шешіміне сәйкес жүзеге асырылады.

 

Semey News

 

Осы айдарда

Back to top button