
Ауа температурасының едәуір жоғарылауына байланысты қалада жасыл желектерді суару жұмыстары күшейтілді, – деп хабарлайды Semeynews.kz.
Сонымен қатар, өрт қауіпсіздігі мақсатында теректердің мамығын түсіру жұмыстары жүргізілуде.
Семей қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі жасыл екпелерді суару жұмыстарын жүйелі түрде жүргізеді.
Күтім аптасына кемінде 3 рет суару машиналарын қолдану арқылы қолмен суару түрінде жүзеге асырылып келеді. Құрғақ ауа-райында суару жиілігі артуда.
Жасыл желектердің тиімді өсу мен тамыр тартуы үшін минералды тыңайтқыштар қолданылады.
Semeynews.kz