Абай облысыауылшаруашылығыҚоғамТОП
Абай облысында ауыл шаруашылығы қарқынды дамып келеді
Абай облысында ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру өткен жылдың соңында 473,3 млрд теңгеге
жетті. Өсімге мал шаруашылығы өнімдерінің 4,1%-ға артуы есебінен қол жеткізілді. Бұл туралы аймақ басшысы Нұрлан Ұранхаев Орталық коммуникациялар қызметінің Абай атындағы облыстық әмбебап кітапханасында өткен көшпелі брифингісінде айттып берді, – деп хабарлайды Semeynews.kz.
Облыс аумағында суармалы жер көлемін ұлғайту, ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеуге инвестициялар тарту, ауыл шаруашылығы жануарларының генофондын жақсарту, ет өндіруді арттыру жобаларын жүзеге асыру қолға алынған.
- Агроөнеркәсіп кешенін дамыту бағытында жалпы құны 5,6 млрд теңге болатын 9 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланған», – деді Нұрлан Ұранхаев.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша пайдаланылмай жатқан ауыл шаруашылығы жерлерін қайтару жұмыстары жүргізілуде.
- Ауыл шаруашылығы мақсатындағы пайдаланылмай жатқан жерді қайтару жұмыстары жүріп жатыр. Жалпы ауданы 297,7 мың гектар болатын жер учаскелері анықталды. Биыл әзірге мемлекет меншігіне 99,7 мың гектар пайдаланылмайтын жайылым жері қайтарылды, – деді облыс басшысы.
Semeynews.kz