ҚоғамСемейТОП

Семейде өзеннен 15 текше қоқыс ауланды

Семейде Ертіс өзені арнасын қоқыстан тазарту жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды Semey News.

Қалалық әкімшілікте хабарлағандай, осы аптада ТКШ бөлімі және ТЖБ күштері арқылы Ертіс өзенінің арнасын тазарту жұмыстары жүргізілуде.

«Бүгінгі таңда 15 текше метрден астам қоқыс шығарылды. Өзен арнасын толықтай тазарту жұмыстары жалғасуда»,-деп атап өтті әкімшілікте.

ШҚО бойынша экология департаментінде, олардың мекемесі Семей қалалық әкімшілігіне алдағы демалыс күндері жағалауды және жағалау аймақтарын тазарту бойынша сенбілік өткізуді ұйымдастыру туралы ұсыныс жолдағанын хабарлады.

«Жағалаудағы аймақтарды тазарту бойынша шаралар жүйелі түрде жүзеге асырылатынын атап өткіміз келеді, кейбір шалғай немесе жетуі қиын жерлерде қоқыстар жиналуы мүмкін»,-деді департаментте.

Сонымен бірге ШҚО экология департаментінде экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі облыстық әкімшіліктермен бірлесіп «Бірге — таза Қазақстан» экологиялық акцияларын өткізетінін еске салды. Акцияның мақсаты – табиғи нысандарды және тұрғылықты мекендерді қоқыстан тазарту.

 

Semey News

Осы айдарда

Back to top button