Абай облысыВизитҚоғамТОП

Абай облысының әкімі жұмыс сапарымен Ақсуат ауданына барды

Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев Ақсуат ауданының тұрғындарымен кездесіп, аудан әкімінің баяндамасын тыңдап, даму перспективалары туралы айтып берді, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Бірінші кезекте Нұрлан Ұранхаев облыс әкімдігінің көшпелі отырыстары әр қалада және ауданда, оның ішінде Ақсуатта жүйелі түрде өткізілетінін атап өтті.

  • Өткен жылы өнеркәсіпте өндірілген өнім көлемі 1,1 трлн теңгені құрады. Ақсуат ауданының үлесі 692,9 млн теңге. Сіз Ауыл шаруашылығы экономиканың негізгі саласы екенін білесіз. Мұндағы өнім көлемі 473,3 млрд теңгеге ұлғайды. Өсім – 9,8%. Аудан фермерлерінің қатысу үлесі – 7,3% немесе 34,3 млрд теңге. Ауданның бұл салада әлеуеті зор, – деді Нұрлан Ұранхаев.

Сонымен қатар, облыс басшысы мемлекет меншігіне 63,5 мың га жайылымдық жер қайтарылғанын атап өтті.

  • Кәсіпкерлікті дамыту және қолдау шаралары белсенді жүзеге асырылуда. Шағын және орта бизнесте өсу қарқынының оң серпіні байқалады. Облыстың 49 мың бизнес субъектісінің 2121-і Ақсуатта орналасқан. Бөлшек тауар айналымының көлемі 19,3% – ға ұлғайып, 438,8 млрд теңгені құрады. Аудан үлесі – 6,8 млрд теңге. Аудан бойынша кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба аясында 125 млн теңгеге 2 жоба субсидияланды және 120 млн теңгеге 12 жоба бойынша кепілдіктер берілді, – деді әкім.

Нұрлан Ұранхаев ауданда тұрғын үй салудан басқа мектеп салу, сондай-ақ сумен жабдықтау объектілерін қайта жаңарту және аурухананы ретке келтіру жоспарланып отырғанын хабарлады. Сонымен қатар, Ақсуат аудандық ауруханасы үшін қажетті медициналық жабдықты сатып алу үшін 190,2 млн теңге бөлу жоспарланған.

  • Биыл аудан халқының әлеуметтік осал топтары үшін тұрғын үй сатып алуға 345,6 млн теңге бөлінді. Таза ауыз су мәселесі біздің ерекше бақылауымызда. Облыс бойынша сумен жабдықтау желілерінің ұзындығы 3 мың км. Тозу деңгейі – 51%. Ауданның 11 ауылы орталықтандырылған сумен жабдықтау жүйесіне қосылған, – деп атап өтті өңір басшысы.

Сонымен қатар, Нұрлан Ұранхаев оқушы орындарының тапшылығы туралы айтты.

  • «Жайлы мектеп» жобасы аясында 2023-2025 жылдары 42,7 млрд теңге сомасына 5700 орындық 11 мектеп салу жоспарлануда. 2024-25 жылдары Ақсуат аудан орталығында 300 орындық мектеп салу жоспарлануда, – деді ол.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button